Қостанай облысы тау-кен өндірісінен түсетін түсімге тәуелділіктен арылып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы тау-кен өндірісінен түсетін түсімге тәуелділіктен арылып келеді

22.04.2015
Қостанай облысы тау-кен өндірісінен түсетін түсімге тәуелділіктен арылып келеді

Бұған өңірде өңдеуші кәсіпорындардың көбеюі себеп болып отыр. Ақпарат құралдары өкілдерімен болған баспасөз мәлихатында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов мәлімдеді.

2015-ші жылдың қаңтар – наурыз айларында өңдеуші саланың өнімі 11, 8 процентке өскені байқалды. Соның ішінде азық-түлік өндірісі ұлғая түскен. Бұл облыстың тіршілікке ең қажетті тауарлармен өзін-өзі толық қамтуына мүмкіндік беріп отыр.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу