Жанкешті 14 адамның өмірін қиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанкешті 14 адамның өмірін қиды

20.01.2014
Жанкешті 14 адамның өмірін қиды
Пәкістандағы Равалпинди гарнизондық қалашығында жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Соның салдарынан 14 адам қаза болды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
 
Опат болғандардың ішіндегі сегізі бейбіт тұрғын. Жарылыс Пәкістан әскері бас штабының маңында орналасқан базарда болды.

Равалпинди полиция басшысының сөзіне қарағанда, аталған базар қалада мұқият күзетілетін ауданда орналасқан. Бұл жарылысқа жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы өз мойнына алып отырғаны хабарлануда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жексенбіде тәлібтердің шабуылы салдарынан Солтүстік Визиристан провинциясында 20 әскери қызметкер қаза болды.

Хабарламаларға жазылу