Жансая Әбдімәлік атындағы академияда алғашқы турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансая Әбдімәлік атындағы академияда алғашқы турнир өтті

20.01.2014
Жансая Әбдімәлік атындағы академияда алғашқы турнир өтті
Алматыда шахматшы Жансая Әбдімәлік атындағы академияда алғашқы турнир өтті.
 
Турнирдің жүлде қоры - бір мың АҚШ доллары. Бұл қаражатты 14 жастағы гольфтан Қазақстан чемпионы Дәулет Тілеубаев бөлген. Ол бұрын Жансая Әбдімәлікпен бірге шахматпен айналысқан көрінеді. Ал гольфпен Дәулет 8 жасынан бастап айналысады.
 
Турнирге бас-аяғы 44 спортшы қатысты. Сайыс швейцариялық жүйе - жеті кезең бойынша өтті. Жаттықтырушы Жансая Әбдімәлік, грузиялық гроссмейстер Давид Арутюнян біз мезгілдің ойын сеансын жүргізді. Жүлде алғашқы 15 орынға бөлінді. Осылайша, жеңімпаз Александр Ким 35 мың теңгеге ие болды. Екінші орынды Амир Маханов алса, үшінші орын Дениз Озалпқа бұйырды.
 
Еске сала кетейік, академияның ашылу рәсімінде Жансая Әбдімәлік шахматтан әлем чемпионы Анатолий Карповпен сайысқа түскен болатын. Рапидтің екі кезеңінде де Карпов жеңіске жетті. Ал екі блиц-партияның бірінде Жансая жеңсе, екіншісінде тең түсті.

Хабарламаларға жазылу