
Өткен аптада «Польша гусарларын» жеңіп, үш ұпай олжалаған «Astana Arlans» бүгін Әзірбайжанның «Baku Fires» командасымен кездеседі.
«Astana Arlans» биылғы маусымда «Baku Fires» командасымен өткізген алғашқы жекпе-жегінде 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл кездесуде 49, 56, 64, 75 және 91 келі салмақтағы боксшылар күш сынасқан-ды.
Алдағы кездесуде жекпе-жектер қалған бес салмақ дәрежесінде, яғни, 52, 60, 69, 81 және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі боксшылар арсында өтеді.
«Арландардың» бас бапкері Сергей Корчинский бұл жекпе-жекке төмендегідей боксшыларды қосуды ұйғарыпты: Ілияс Сүлейменов (52 келі), Самат Бәшенов (60 келі), Мейірім Нұрсұлтанов (69 келі), Эхсан Роузбахани (81 келі), Руслан Мырсатаев (+91 келі).
Арландар сапына жақында ғана қосылған 52 келідегі Ілияс Сүйлеменов 18 қаңтарда алғашқы жекпе-жегіне шығады. Оның қарсыласы - Елвин Мамишзада дүниежүзілік бокс сериясының былтырғы маусымында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. 2010 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға дейін шықты. Өз елінің 2010 жылғы чемпионы. 2012 жылы Олимпиада ойындарына қатысты.
Селимов - Еуропаның екі дүркін чемпионы, 2007 жылы Чикагода өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы, 2009 жылы Миландағы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Төрт дүркін Ресей чемпионы.
Рамазан Магомедов 2012 жылы дүниежүзілік бокс сериясының жекелей сайысында чемпион атанған. Биылғы маусымдағы алғашқы жекпе-жегін мексикалық боксшымен өткізіп, айқын басымдықпен жеңді. Сонымен қатар, осыған дейінгі үш маусымда 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Естеріңізде болса, 2010-11 жылғы маусымда «арландардың» сапында өнер көрсеткен ганалық Максвел Ампонсах та осы Рамазан Магомедовтен жеңілген болатын. Әрине, мұндай тәжірибелі боксшымен жұдырықтасу Эхсан Роузбахани үшін өте ауырға соғатыны анық. Дегенмен, Роузбахани намысты қолдан бермейді деген сенімдеміз.
Жалпы, «Астана арландары» үшін Әзірбайжан клубы өте қолайсыз қарсылас. Осыған дейін қос команда өзара бес жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде «Baku Fires» боксшылары жеңіске жеткен.
Жарысты бүгін 21.00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/83589/)