21 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен Үкімет отырысы өтеді. Онда Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов баяндама жасайды деп күтілуде.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.
Сондай-ақ, Премьер-Министр Серік Ахметов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның кеңейтілген алқа жиынына қатысады.