Мақсат – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» идеясының жүзеге асу бағыттарын айқындау. Сарапшылардың айтуынша, жаңа жоба Қазақстан мен Қытай сауда қатынасын арттырып, бірнеше инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, тасымал тізбегін қүшейтіп, өзге мемлекеттермен сауда қатынасын орнатуға жол ашады. Айта кетейік, Жібек жолын жаңғырту жобасын ҚХР төрағасы Си Цзиньпин осыдан екі жыл бұрын Қазақстанға сапары кезінде ұсынған.
Айдана ҮСЕНБАЙ