«Келін» фильмінің түсірілімі әлі жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келін» фильмінің түсірілімі әлі жалғасуда

17.01.2014
«Келін» фильмінің түсірілімі әлі жалғасуда
2008 жылдың 21 тамызда тұсаукесері болған үндінің «Келін» телехикаясы қазақстандық көрерменнің көңілінен шыққан фильмнің бірі. Режиссер Сидхард Сен Гуптаның бұл туындысында ескіліктің құрбаны болып, жастайынан тұрмысқа берілген қыздың тағдыры баяндалады.
 
Джагдиштің рөлін сомдаған Шашанк Вьяс фильм турасында: «Мен актерлік өмірімді осы телехикаядан бастадым. Ануп Сони, Сурекха Сикри сынды тәжірибелі актерлермен жұмыс істеу мен үшін құрмет. Бұл шоу мен үшін үлкен мектеп болды. Менің ойымша, Джагдиш бұл сериалдағы ең қызықты кейіпкер. Халық бір мезгілде оны жақсы көре отырып, жек көреді де. Менің жанкүйерлерім де жақсы көзқараста»,-дейді.
 
Ал Анандидің бойжеткен кезін сомдаған Пратьюша Банерджи: «Ананди – менің алғашқы рөлім. Ол – мейірімді, тәрбиелі қыз. Анандиді сомдау маған аса қиындық тудырмады. Себебі, мінездеріміз ұқсас еді»,-дейді.
 
Ал Анандидің бұдан кейінгі кезін сомдайтын әртіс Тораль Распутра: «Алғашқыда мені Ананди рөлінде қабылдау халыққа қиын болды. Бірақ, уақыт өте келе, аудиторияның маған деген көзқарасы өзгере бастады»,-дейді.
 
2013 жылы 6 желтоқсанында телехикаяның  1454-ші бөлімі түсіріліп болды. Түсірілім одан әрі жалғасуда.

 
Фильм Үндістанның Удайпур қаласында түсірілген. Тілі – хинди тілі. Телехикаяны шығарушы «Sphereorigins Multivision Pvt. Ltd» компаниясы.
 
Авторлары – Пурненду Шекхар, Гаджра Коттари, Раджеш Дубей, Уша Диксит және Рахгувир Шекхават. Атқарушы продюсері – Закир Шейх,  продюсерлері – Санджоу Ванхша және Комаль Санджоу.
 
«Келін» телехикаясының эфирден  өткен бөлімдерін мына жерден қайталап тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу