«Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметіне Александр Тараков тағайындалды.
Бүгін газет ұжымына жаңа басшыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед таныстырды.
А.Тараков ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне ауысқан Жанай Омаровтың орнына келді.
Александр Тараков 1997 жылдан бері «Казахстанская правда» басылымында қызмет атқарып келеді.
Ол С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1983 жылы), КИМЭП (1993 жылы) оқу орнын тәмамдаған.
2008 жылдан бері ҚР Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Бас редакторлары клубының мүшесі, Жазушылар одағының мүшесі, саясаттанушы.