Ерік Құрманғалиев – контр-тенор сарынды опера әншісі болған жалғыз қазақ баласы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерік Құрманғалиев – контр-тенор сарынды опера әншісі болған жалғыз қазақ баласы

16.01.2014
Ерік Құрманғалиев – контр-тенор сарынды опера әншісі болған жалғыз қазақ баласы

Вокал өнеріндегі ерекше құбылыс Ерік Құрманғалиев айрықша тағдыр кешкен әнші. Ол ерекше дауыстың арқасында әлемді мойындатты. Өнерімен таңғалдырды, тамсандырды.

 
Ол көзі тірісінде аңызға айналды. Ол контр-тенор сарынды опера әншісі болған жалғыз қазақ. Ол өткен ғасырдың ортасында Америка мен Голландияда өткізген концерттерінде талайды тамсантқан еді.
 
Оны достары «Маугли» деп атайтын. Ол кең даланы сүйді. Тауы жоқ жерде, құмды өлкеде түйе бағып өсті.
 
Ерік Құрманғалиевтің дауысы музыканың ешбір заңдылықтарына бағынбады. Тіпті контральто, меццо-сопрано дауысты әйелдер де әншімен бәсекеге түсе алмады.
 
Алайда, әлемді мойындатқан Еріктің ерекше өнері өз елінде өз деңгейінде бағаланбады. Оның өнер адамына тән паңдығын, еркелігін көбісі түсінбеді. Ол қайтыс болғанда операның ақсүйектері мен бекзадалары: «Мұндай әнші енді тумайды. Ерік Құрманғалиев – ерекше құбылыс. Оның дауысын Жаратқанның өзі шебер жасаған», деп күңіренді.

Хабарламаларға жазылу