Зарина Диас үшінші айналымға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас үшінші айналымға өтті

16.01.2014
Зарина Диас үшінші айналымға өтті
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Австралия ашық біріншілігінде тағы да жеңіске жетті. Екінші айналымда ол әлемнің 150-ші ракеткасы, жаңазеландиялық теннисші Марина Эраковичпен кездесті.
 
Зарина Диас бұл кездесуде 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі ойынын Зарина румындық Симона Халеп пен америкалық Варвара Лепченко кездесуінің жеңімпазымен өткізеді.

Хабарламаларға жазылу