Бүгін Астанада Индустрияландыру күні аясында ҚР Үкіметі мен облыс әкімдерінің Мемлекет басшысымен есептік кездесуі өтеді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режимінде индустрияландыру бағдарламасы аясында нысандардағы өндірісті және жобалар құрылысын іске қосады.
Шара аясында дәл қазір сапа саласындағы жетістіктер үшін «Алтын сапа» ҚР Президентінің Сыйлығын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтуде.
Сонымен қатар, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы ұйымдыстырылды.