Көне жәдігерлердің әрқайсысы бір тарих - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көне жәдігерлердің әрқайсысы бір тарих

15.01.2014
Көне жәдігерлердің әрқайсысы бір тарих
Манат Дүйсебайұлы он жылдан бері көне заттарды қалпына келтірумен айналысып келеді. Жасаған жұмыстары Назарбаев орталығы мұражайында тізіліп тұр. Түрлі әшекей бұйымдардың кем-кетігін түзеп, түпнұсқасынан айнытпай жасау үшін шебер көп ізденемін, дейді.
 
Назарбаев ғылыми орталығы реставрация бөлімінде 20-ға жуық адам қызмет етеді. Барлығы да өз саласының шебері. Бірі көне жиһаздардың сынығын жөндесе, енді бірі өткен ғасырларға тиесілі көрікті қамзолдар мен сәнді сәукелелердің жыртығын жамайды.
 
Таңат Әлібай археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған қыш құмыраларды реставрациялайды. Шебердің бұл жұмысы табандылық пен төзімділікті қажет етеді. Кейде бір құмыраны 2-3 ай бойы жасауға тура келеді екен.
 
Музейде көз жауын алатын, тамсана тамашалайтын жәдігерлер көп. Бағзы заманның бұйымдарын мамандар жіті қадағалайды. Бүлінгендерін дер кезінде қалпына келтіріп отырады.

Хабарламаларға жазылу