Сочиге баратындардың нақты тізімі 19 қаңтарға дейін белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиге баратындардың нақты тізімі 19 қаңтарға дейін белгілі болады

15.01.2014
Сочиге баратындардың нақты тізімі 19 қаңтарға дейін белгілі болады

ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры Серік Маратұлы «Таңшолпанға» келіп, сұхбат берді.

 
«Қазір әлем назары Сочи Олимпиадасында. Бұл додаға қазақстандық спортшылар арасынан 43 адам жолдама алды. Тоғыз спорт түрінен. Ал нақты тізімі 19-шы қаңтарға дейін белгілі болады».
 
«Қазіргі 43 адамның жолдама алуы – жақсы көрсеткіш. Бұл әлі де өсуі мүмкін. Бұрынғы Ванкувер Олимпиадасында 37 адам ғана жолдама алған болатын. Біз әр команданың көшбасшыларына сенім артып отырмыз. Ванкувердегі көрсеткішті еселеу керекпіз».
 
«Олимпиадада жеңіске жеткен спортшыларымызға Үкімет Қаулысымен қаржылай сыйлық беріледі. Бірінші орынға – 250 мың доллар, екінші орынға – 150 мың доллар, үшінші орынға – 75 мың доллар»,-дейді Серік Маратұлы.
 
«Додаға баратын саңлақтарымыздың 23,4 пайызы жергіліктіұлт өкілдері. Әрі Туды көтеріп баратын азамат – Ердос Ахмадиев. Ол – Шығыс Қазақстан облысының спортышыс,  шаңғы жарысынан спорт шебері».

Хабарламаларға жазылу