«Сырғалымның жылаған сәттерін ойнау қиын болды» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сырғалымның жылаған сәттерін ойнау қиын болды»

15.01.2014
«Сырғалымның жылаған сәттерін ойнау қиын болды»
Бүгін Ұлттық арнадан «Сырғалым» телехикаясының алғашқы бөлімі көрерменге жол тартады. Осыған орай сол туындыда басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
«Алғашқыда жетім қыздың рөліне кіру қиын болды. Әсіресе, жылаған кездерін ойнау қиынға соқты. Режиссердің айтқанымен көз алдыма елестете отырып, сол қыздың орнына өзімді қойып көрдім. Сол сәтте жас өзінен-өзі келе бастады. Өзім де жүрегі нәзік адаммын»,-дейді Жұлдыз.
 
Төрт айдың ішінде түсірілген фильмнің режиссері ресейлік Дмитрий Коробкин. Жұлдыз: «Ол қазір Ресейде тұрса да, Қазақстанда туған. Біздің елдің тарихынан, салт-дәстүрінен, күнделікті өмірінен хабары бар адам. Оған қоса, біздің актерлеріміз де қай жерде не істеу керек екенін айтып отырды. Кейде қазақ менталитетіне  тән емес көріністер болды, біз оны қазақыландыруға тырыстық»,-дейді.
 
«Көрермендер телехикаяны тамашалай отырып, Сырғалымның бойынан қазақы тәрбиені көре алады».
 
«Сырғалым» телехикаясын бүгін Ұлттық арнадан 21.50-де көре аласыздар!

Хабарламаларға жазылу