Ресейлік туристер Қазақстан астанасын ТМД бойынша ең қымбат қала деп атады. Бұл туралы Oktogo.ru қонқүйлерді онлайн-брондау қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» хабарлады.
Рейтинг ресейліктердің 2013 жылғы ТМД елдеріндегі қонақүйлерді брондау туралы мәліметтерінің негізінде жасалған.
Бұрынғы КСРО кеңістігіндегі ең танымал қала ретінде Украинаның астанасы Киев аталған. Танымал қалалардың үштігіне сонымен бірге Минск пен Одесса да енген. Одан кейінгі орындарда Кишенев, Алматы, Баку, Львов, Астана, Ереван және Ташкент қалалары.
Зерттеу мәліметтері бойынша, Қазақстан астанасында ресейліктер қонақүйде тұру үшін орташа есеппен тәулігіне 6,3 мың рубль (190 АҚШ доллары), ал Молдавия астанасында тәулігіне 2,7 мың рубль (82 АҚШ доллары) жұмсаған.