Бүгін – әйгілі суретші Әбілхан Қастеев дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – әйгілі суретші Әбілхан Қастеев дүниеге келген күн

14.01.2014
Бүгін – әйгілі суретші Әбілхан Қастеев дүниеге келген күн
Әбілхан аға сурет салудан қолы босай қалса, бір минут та бір орында байыз тауып отыра алмайтын. Бәріміз отбасымызбен көшеге шыққанда, бір кварталды әрең жүріп өтуші едік. Әкемді білмейтін адам кемде-кем. Амандық-саулық сұрасқан ел...»,-дейді қызы Гүлнәзия.
 
«Әкем үкі алып келіпті. Кептерлеріміз тағы бар. Жан-жануарларды жанындай сүйетін әкем құмырсқаның тірлігіне де таңданып: «Осы бір жәндіктен үлгі алыңдар», деп отыратын...»
 
Ол кезде сурет мектебі түгіл, өнер орталығы да болмады. Бірақ бала Әбілханның құмға сызған суреттері оны алыс арманға жетеледі. Алайда, сурет салу еріккеннің ермегі саналып, діни тұрғыдан да тыйым салынған болатын. Сол кезде Қастеев оқуға жағдайы болмағанға, тым ертерек туғанына өкінеді.
 
Қылқалам шебері сөзбен жеткізе алмаған идеяларын сурет арқылы бейнелеп көрсететін. Ол «Өзін түсінуі, дербес пікірі, жеке стиль» деген құқығын ұстанатын.
 
Қастеев бір рет те шетелде болмапты. Сол кезде оны ешқайда шығармаған. Ал атағы дүркіреп тұрды. Қазақстанның Халық суретшісін неге елден шығармады? Қастеев бір кездері жасырынып, Қытай асқан болса керек.
 
Сол кезде шекарашылар қолға түсіріп, лагерьге апарып қамап, адам жаны төзгісіз жұмыстар жасатады. Ол темір торда бір жылға жуық болып, ақыры елге қашып келеді.
 
Бірақ, суретші ол туралы ешкімге тіс жармайды. Үкімет басшылары осы жағдайды себеп қылып, суретшінің шығармашылығына тоқтау салып отырған. Алайда, Қастеев өз қарсылығын суреттерінде құпия түрде көрсетіп отырған еді.
 
Әбілхан Қастеев соңына 4000-ға жуық шығарма қалдырды.

Хабарламаларға жазылу