Ұлттық арна «Ұлжанды» қайта көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «Ұлжанды» қайта көрсетпек

13.01.2014
Ұлттық арна «Ұлжанды» қайта көрсетпек
Бүгіннен бастап Ұлттық арна көрермендердің сұрауы бойынша 2013 жылдың үздік телехикаясы - «Ұлжанды» қайталап көрсетпек.
 
Картинада қазақ қоғамының бір кезеңі қарапайым отбасының өмірі арқылы суреттеледі.
 
Ұлжан – тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жүк артқан, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз дәулетті кәсіпкерге айналған қазақтың келіншегі. Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар алып жүріп, балаларын тәрбиелеген, туған-туыстың арасындағы беделін де ойлаған ананың бейнесі.
  
Телехикаяда басты рөлдерді Таңсұлу Баталова,  Сырым Қашқабаев сомдайды.  Сериал тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, Түркияда да түсірілген.
 
Туындыны дүйсенбі-жұма аралығында 19.30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу