«Нұр-Медианың» басшысы ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр-Медианың» басшысы ауысты

13.01.2014
«Нұр-Медианың» басшысы ауысты
Бүгін «Нұр Отан» партиясының шешімімен «Нұр-Медиа» ЖШС-нің бас директоры болып, Болат Берсебаев тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
 
«Нұр-Медиа» холдингін бұған дейін басқарған Ерлан Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
 
Болат Берсебаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (1999) мен Ф.Шиллер университетін (Германия) бітірген, саясаттану магистрі.
 
Әр жылдарда ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, «Арна медиа» Ұлттық холдингінің басқарушы директоры және ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
 
«Нұр-Медиа» ЖШС Бас директоры болып тағайындалғанға дейін Болат Берсебаев «Нұр Отан» партиясы Хатшысының міндетін атқарушы болды. «Нұр-Медиа» ЖШС Қадағалау кеңесін басқарды.

Хабарламаларға жазылу