Финляндияның «Тikkurila» компаниясы Алматы облысының Қарасай ауданында бояу шығаратын зауытты іске қосты.
Елімізде ашылған бұл зауыт - компания дайындаған өндірістің жаңа түрін іске асыратын алғашқы жоба. Кәсіпорында жаңа технологиялар мен тиімді басқару моделі іске асырылады.
Зауыт жылына 2 000 000 литр бояу өндірмек.
«Tikkurila» Финляндияның, Швецияның және Ресейдің бояулар нарығында көшбасшы саналады.
Құлмахан САЛЫБЕК