Қазақ ғалымы ең күрделі есептің шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ғалымы ең күрделі есептің шешімін тапты

10.01.2014
Қазақ ғалымы ең күрделі есептің шешімін тапты
 
 
Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, академик, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, ғылыми басылымда жариялады.
 
Бұл еңбек «мыңжылдықтың проблемасы» аталатын  ең күрделі 7 математикалық есептің қатарына енген. Осы проблемалардың әрқайсысын шешуге Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен.
 
Қазіргі таңда мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана шешімін тапқан, екіншісінің шешімін қазақ ғалымы Мұхтарбай Өтелбаев тауып отыр. 

Хабарламаларға жазылу