Эфирде – «Шоқан Уәлиханов» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эфирде – «Шоқан Уәлиханов»

10.01.2014
Эфирде – «Шоқан Уәлиханов»
Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы, демократ Шоқан Уәлиханов туралы зерттеулер көп болғанымен, түсірілген фильм біреу ғана. Ол Асанәлі Әшімов түсірген – «Шоқан Уәлиханов» фильмі еді. 1985 жылы түсірілген туындыда  басты рөлде Сағи Әшімов ойнады.
 
«Бұрын мен ғылымның өз басыма ғана бақыт екенін ұқпаппын. Сол атағымның халқыма еш пайдасы тимесе, оның қажеті қанша?».
 
Заманында дүние жүзі ғылымына елеулі үлес қосқан Шоқан Уәлихановтың барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланды.
 
Бүгін 00.15-те Ұлттық арнадан «Шоқан Уәлиханов» фильмін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу