Отандық тауар өндірушілер мемлекеттік тендерлерді ұтып алуға барынша белсенді қатысуы тиіс. Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы отандық бизнестің мүддесін қорғаудың жаңа әдістерін қабылдамақ.
Президиум төрағасы Тимур Құлыбаевтың мәліметінше, осыған қатысты жаңа нормативті-құқықтық база жасалады.
Оған сәйкес, ірі ұлттық компаниялар қажетті өнімдерге сатып алулар жариялаған кезде жергілікті кәсіпорындар шығаратын тауарларға басымдық беріледі. Конкурстар кезінде «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол бермеуді қамтамасыз етеді.
Жақында құжат еліміздің кәсіпкерлеріне таныстырылмақ.
Болат АМАНБАЕВ