Қарағанды тұрғыны «Супер Бинго» лотереясынан 1x100000 рекордтық коэффициентімен 10 миллион теңге ұтып алды. Бұл туралы «Супер Лото» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Елдегі кезекті миллионер 30 желтоқсан күні өткен ойынның 518-ші тиражында анықталған. Ойында қарастырылған 10 санның барлығы да сәйкес келген.
Компания хабарлағандай, ойыншы ең минималды 100 теңгелік ставкамен ойнаған. Егер ол сол кезде максималды 1 000 теңге ставка қойғанда, 100 миллион теңгені қалтаға басар еді.