Әсіредіншілдер интернет пайдалануға тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсіредіншілдер интернет пайдалануға тыйым салды

09.01.2014
Әсіредіншілдер интернет пайдалануға тыйым салды
Сомалидің орталық және оңтүстік бөлігін бақылайтын  «Шабаб» исламшыл ұйымы бұл аумақтың тұрғындарына ғаламторды пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды ВВС.
 
«Аль-Каидамен» байланысы бар бұл ұйым интернет компанияларына бұл аймақтағы жұмыстарын тоқтатуға 15 күн берді.
 
Ұйым өкілдері бұл талапты орындамағандарды дұшпандары санайтынын ескертті. «Шабаб» ұйымы Батыс елдері мен Сомалидің заңды үкіметіне тыңшылық жасаған күдіктілерді жұрт алдында өлім жазасына жиі кеседі.
 

Хабарламаларға жазылу