Еліміздегі дүкен сөрелерінен Ресейден келген бес тонна ет және құс өнімі алынды. Сондай-ақ, Ресей мен Қырғыз Республикасынан әкелінген 2,5 тонна сүт өнімдері жарамсыз деп танылды.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Матишев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2-наурыздан бастап тексеру нәтижесінде 300 түрлі өнім зерттеліп, оның 27 пайызының техникалық регламентке сәйкес келмейтіндігі анықталған.
Ләззат БЕКТАС