«Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!»

09.01.2014
«Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!»
Бүгін – танымал ақын, қаламы қарымды журналист Есей Жеңісұлының туған күні.
 
Журналистика саласындағы еңбек жолын «Жас Алаш» га­зе­тінен бастаған ол Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы А.Нүсіпбеков атындағы мектептің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі.
 
Есей Жеңіс­ұлы «Жас қазақ» апталығында шыңдалып, «Қа­зақстан» Ұлттық телеарнасы­ның спорттық бағдарламалар бірлестігінде еңбек еткен. Кейін бірнеше жыл спорт комментаторы ретінде футбол жан­күйерлерінің, қазақ тілін қадірлейтін кө­рер­мендердің құлақ құрышын қандырды.
 
Төрт жылдай балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» рес­публикалық газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Одан кейін еңбек жолын Президент баспасөз хатшы­сы­ның орынбасары ретінде жалғастырды.
 
«KAZsport» телеарнасының алғашқы жетекшісі болған Есей Жеңісұлы сонымен қатар, «Бір жарық», «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!» кітаптарының авторы.

Сейдіахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері атанып, «Дарабоз» сыйлығы мен Президент стипендиясына да ие болды.

Хабарламаларға жазылу