Ес-түссіз күйде ауруханада жатқан автошабандоз Михаэль Шумахердің әйелі Корина бұқаралық ақпарат құралдарына хат жолдады. Хатта 29 желтоқсанан бері ес-түссіз жатқан жұбайының ем алуына бөгет жасамауды өтінген.
«Емдеу кезінде дәргерлерге ешкімнің бөгет жасамағаны өте маңызды. Біздің отбасымызды тыныштықта қалдырыңыздар» -, деген мәтіндегі хатты ол көптеген БАҚ бас кеңселеріне жолдаған.
Айта кетейік , танымал спортшы бұндай жағдайға 2013 жылдың 29 желтоқсанында Францияда Альпі тауларында шаңғы теуіп жүргенде ұшыраған болатын.