Жақында ғана жаңа күйтабағы жарық көрген әнші-сазгер Гауһар Әлімбекова «Таңшолпанға» келіп, сұхбат берді.
Әнші әндерінің басым бөлігі жанды тербейтін, сыршыл лирикаға толы. Басқа бағытты қамтымақ ой бар ма деген сауалға ол: «Әркім өзінің қолынан келетін іспен ғана айналысқаны дұрыс қой. «Әлін білмеген әлектердің» қатарын көбейтіп, не табамын»,-дейді.
«Көбіне сазгерлер тау кезіп, дала кезіп, шетел асып кеткенде ән шығарады деп жатады ғой. Өз басым табиғатта отырып, ән жазып көрмеппін. Барлық әндерім гитараның сүйемелдеуімен үйде, көбіне түнгі мезгілде, тыныштықта отырғанда туады. Мұндай кездері әдетте көңілім құлазып отырады. Ән сол кезде жазылады»,-дейді әнші.