Михаил Ходорковский Швейцарияға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаил Ходорковский Швейцарияға келді

06.01.2014
Михаил Ходорковский Швейцарияға келді
ЮКОС-тың бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский бостандыққа шыққаннан кейін Берлинге көшкен еді. Кеше ол Швейцарияға кетіп қалды. Бұл туралы ЮКОС-тың бұрынғы басшысының өкілі Кристиан Ханнеге сілтеме жасай отырып, РИА Новости хабарлайды.
 
Оның айтуынша, Михаил Ходорковский  Швейцарияда бірнеше күн болмақ. Бірақ, әрі қарай қайда баратыны белгісіз. Сонымен қатар, Ходорковскийдің қай қалаға ат басын тірегені де айтылмады. Кристиан Ханне бұл ақпараттың құпиялығына байланысты жауап беруден бас тартқан.
 
Естеріңізге сала кетейік, Михаил Ходорковский  шенген визасын 2013 жылдың 30 желтоқсанында Берлиндегі Швейцария елшілігінде алды. Виза оған Швейцария және Шенген аумағындағы өзге елдерде бірнеше ай жүруге мүмкіндік беретіні хабарланған еді. Кейбір басылымдардың мәліметіне қарағанда, Михаил Ходорковский  бұл елге қоныс аударуы да мүмкін.
 
20 желтоқсан күні Ресей президенті Владимир Путин Михаил Ходорковскийге рақымшылық жасау жөнінде бұйрыққа қол қойды. ЮКОС-тың бұрынғы басшысы сол күні бостандыққа шықты. Оның жазасын өтеу мерзімі 2014 жылдың тамыз айында бітуі тиіс еді. Бостандыққа шыққаннан кейін Михаил Ходорковский жеке ұшақпен Берлинге келген.

Хабарламаларға жазылу