Павлодарда иттер жарысы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жарысқа Астана, Семей, Ақсу, Екібастұз, Павлодар және Омск қалаларынан шанаға жегілетін иттердің 30-дан астам түрін жинаған.
«Мұндай жарыс Павлодарда алғаш рет ұйымдастырылуда. Ауа райының суықтығына қарамай, көрермендер өте көп жиналды. Алдағы уақытта осындай шара тұрақты түрде өткізіледі деп үміттенеміз», - дейді ұйымдастырушылар.
Бағдарламада тек ит шанамен жарысу ғана емес, сондай-ақ иттердің иелерімен жүгіруі сияқты бәсеке де болды.
Сайыстың ең жас қатысушысы – 4 айлық Дези атты күшік. Ол жарысқа иесімен жүгіру түрі бойынша қатысты. Ал ең жас қожайын - 4 жасар Саша Малуда.
Иттерге медаль және жылы-жұмсақ тамақ, ал олардың иелеріне сыйлықтар берілді.