Швед ғалымдары ұйқының қанбауынан адам миында зиянды химиялық заттар пайда болады деген қорытындыға келді.
Ғалымдардың айтуынша, ұйқы кезінде ми токсиндерден тазарады. Ал ұйқы қанбаған жағдайда олар мида қалып, оның жұмысына кері әсер етеді.
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, ұйқының қанбауы альцгеймер мен паркинсон ауруларына ұшырауға себеп болуы мүмкін.