Павлодарда жылу тарифтері өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жылу тарифтері өсті

04.01.2014
Павлодарда жылу тарифтері өсті
Павлодар облысында жылу тарифтері жоғарылады. Жылу энергиясын жеткізушілер бағаны 45 пайызға өсіруді сұраған. Алайда, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінде тұрғындар үшін тарифті 5 пайызға, заңды тұлғаларға 15 пайызға көбейтуге келісім берді.
 
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Қайырғали Төлендиновтің айтуынша, жеке жылу пункттерімен есептеу құрылғылары бар тұрғындар 1 гигакалория үшін 936 теңгеден төлейтін болады. Бұл шаршы метрге 29 теңгеден келеді деген сөз.
 
Мұндай есептеу құралдары жоқ тұрғындар үшін тариф 1899 теңге (1 шаршы метр үшін 60 теңгеден астам) деңгейінде болады.

Хабарламаларға жазылу