КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның жездесі қалай өлтірілгені анықталды. «Россия 24» телеарнасының хабарлауынша, Чан Сон Тхэк пен оның бес көмекшісін иттер талап өлтірген.
Бұрынғы шенеуніктерді шешіндіріп, торға қамаған және сол торға бірнеше күн бойы тамақ берілмеген 120 аш итті жіберген.
Қытайлық БАҚ-тың ақпаратынша, осының барлығына Ким Чен Ын бастаған Солтүстік Корея басшылығы қарап тұрған.
КХДР арнайы әскери трибуналының шешімімен Чан Сон Тхэк мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені және сыбайлас жемқорлығы үшін өлім жазасына кесілген болатын.