Жергілікті тұрғындардың казиноға баруына тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жергілікті тұрғындардың казиноға баруына тыйым салынды

04.01.2014
Жергілікті тұрғындардың казиноға баруына тыйым салынды
Үндістандағы Гоа штатының билігі жергілікті тұрғындарға казинода құмар ойындарды ойнауға тыйым салды, деп хабарлайды РИА Новости.
 
1 наурыздан бастап ойын-сауық орталықтарын тек қана туристер аралай алады. Сонымен қатар, тұрғындардың Мандови өзеніндегі жүзбелі казинода ойнауға да құқы жоқ. Казиноға кірген адам турист екенін міндетті түрде дәлелдеуі тиіс.
 
Гоа — Үндістандағы ойын-сауық бизнесі заңдастырылған штаттардың бірі.

Хабарламаларға жазылу