Аргентинаның Росарио қаласының жағажайында пиранья балығы жарақаттаған адамдар саны 85-ке жетті, деп жазады ria.ru.
Билік шомылу аумағын темір қоршаулармен жапса да, соңғы күндері 15 адам дәрігерге қаралған. Биологтар бұл жағдайды сирек құбылыс деп бағалап отыр.
Олардың айтуынша, жыртқыштардың жағаға жақын келуіне 40 градустық ыстық себеп болуы мүмкін. Күн қатты ысығанда бұл балықтар ашынып, аяусыз шабуыл жасауға көшеді.
Бірақ, қазір нөсер жаңбыр жауып, аптаптың беті қайтты. Мамандар жақын арада пираньялар шабуылы тыйылар деп үміттеніп отыр.