Келесі жылдан бастап балаларға берілетін дәрілердің бәрі тегін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылдан бастап балаларға берілетін дәрілердің бәрі тегін болады

25.07.2019

Келесі жылдан бастап балаларға берілетін дәрілердің бәрі тегін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Рецептуралық тегін дәрі-дәрмек әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылады. Және әрі қарай да ақысыз берілетін дәрі-дәрмектің тізімі толыға түспек. Сосын әлеуметтік мұқтаж топтар тегін рецептуралық препраттармен қамтамасыз етіледі. Яғни дәрігер ем-дом тағайындайды, ал емделуші оны міндетті медициналық сақтандыру есебінен тегін алады. Қазір рецептуралық дәрі-дәрмек нарығы 300 миллиард теңгеге жуықтайды. Бүгінге дейін соның үштен бірі ғана мемлекет есебінен қамтамасыз етіліп келген. Ал алдағы екі жылдың ішінде барлық емделушілер емге қажет препараттарды медициналық сақтандыру есебінен тегін алмақ. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу