Қазақстанда жыл сайын 41 мың адам инсульт алады. Дәрігерлерлер қатерлі дерт белең алып келеді деп дабыл қағып отыр. Ең өкініштісі соңғы кездері бұл ауру жасарып барады. ТМД елдері арасында осы кеселден қайтыс болу фактілері бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Тағы бір күрделі проблема — инсульттан кейін науқасты оңалту шараларын жүйелеу шешімін таппай келеді. Бүгін Елордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, онда мамандар саладағы түйткілдерді талқылады.
Тазагүлдің денсаулығы 30 жасында сыр берген. Бірақ қаралмай, ем-домын қабылдамай жүре берген. Салдарынан 45 жасында инсульттың ең ауыр түрін алды. Операция дер кезінде жасалғаннан аман қалды.
Зәуреш Ахметжанова, Республикалық инсульт мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығының бас маманы:
2015 жылы 38 мың адам инсультқа шалдықты, 2016 жылы 39 мың, 2017 жылы 40 мың, 2018 жылы 41 мың. Сондықтан жыл сайын осы ауру үлкейіп барады, өсіп барады. Оны біз түсінуіміз керек, инсульт өзімізден болады. Алдын алу — өзімізден.
Елімізде жылына 40 мыңнан астам адам осы кеселге шалдықса, оның 5 мыңы алғашқы он күндігінде көз жұмады, тағы 5000-ы бір айдан кейін қайтыс болады. Қалғанының 10 пайызы ғана қайта қалпына келеді. Басқалары мүгедек болып қалады. Елдегі өлім-жітім көрсеткіші бойынша осы дерт – 2-ші орында тұр. Оның үстіне инсульт – жасарып келеді. Бұрын алпысты алқымдағандар шалдықса, қазір жастар да бұл кеселдің алдында дәрменсіз. Дәрігерлер бұған өмір сүру салтының өзгеруі себеп дейді. Адамдар қарапайым ережелерді елемейді. Белсенді өмір сүру бәсең. Спорт пен дұрыс тамақтану – кез-келген ауруға қарсы қару. Сосын тұрғындарда селқостық басым. Сыр берсе де, тексерілуге асықпайды.
Зәуреш Ахметжанова Республикалық инсульт мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығының бас маманы:
Инсульттың емі бірінші 4,5 сағаттың ішінде пайдасы бар. Ол емді өзінің аты бар. Тромбалистық терапия дейді. Ол қан тамыры арқылы дәрісі салынады. Егер уақыт өтіп кететін болса дәрігердің көмегі өкінішке қарай көмектесе алмайды. Оны бағалау керек. Көрші елдердің бәрінде оны тегін алу мүмкін емес. Тромболизистік терапияны алу үшін Америкада 5 мың АҚШ доллар сұрайды. Ал бізде тегін. Пациенттің ақшасы болмаса жасалмайды.
Инсульттан кейін науқасты оңалту да оңай емес. Қомақты қаражат талап етеді. Ал елде бұл бағытта білікті маман тапшы, арнайы орталықтар жеткіліксіз.
Амина Сейданова, Алматы қаласының бас реабилитологы:
Оңалту бойынша проблема көп. Науқас көп, ал оларды жатқызып, емдейтін орын аз. Инсульттан кейін оңалту ұзақ мерзімді талап етеді. Кемінде 1 жыл қажет. Қазір осы емдеу тәсілдерін қайта қарап жатырмыз.
Қазір реабелитациялық ем бойынша жаңа стандарт дайындалып жатыр. Алдағы уақытта оңалтудың барлық кезеңі елде тегін болуы мүмкін.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ