Жезқазғанда көпбалалы аналарға тегін қызмет көрсететін тіс емханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда көпбалалы аналарға тегін қызмет көрсететін тіс емханасы ашылды

02.05.2019

Жезқазған қаласындағы жаңа клиника көпбалалы аналардың, жүкті әйелдердің және жасөспірімдердің тістерін тегін емдейді. Мысты шаһардағы медициналық колледж жанынан ашылған тіс емханасы мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа осындай әлеуметтік жәрдем беріп отыр.

Облыс бюджетінен бөлінген 73 миллион теңгеге оқу ордасының бос тұрған ғимараты бастан-аяқ жөнделіп, қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Қазір колледжде 57 студент тіс дәрігеріне оқып жатыр. Олар мұнда теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алған.

Дина Смағұлова, Жезқазған қаласының тұрғыны

-Жекеменшік тіс емдейтін жерлерде емдетіп жүрдік. Қазір осында келсек, тегін екен 18 жасқа дейін. Бұл бізге өте тиімді. Балалардың барлығын осында емдесе, тіпті, жақсы болды. Енді кездескен таныстарға, туыстарға айтып жүреміз, балаларды осында тегін емдетіп жатырмыз деп.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу