Қазір жұмыс істеп жүргендерінің 20 проценті - зейнет жасындағылар. Негізінен облыс ауруханалары акушер-гинеколог, педиатр, анестезиолог, нейрохирург мамандарға зәру. Биылдан бастап өңірге келген дәрігерлерге берілетін көтерме ақы он есеге көбейтілді. Ынталандырудың мұндай түрі өзекті мәселенің оң шешім табуына септігін тигізуі тиіс.
Жоғары оқу орындарының 250 студентімен облыс өкілдері алдын ала ауызша уағдаласқан. Енді оны келісімшарт түрінде бекіту міндеті тұр. Егер Тобыл өңірінде тұрақтап қалып, жұмыс істеуге ниетті болса, әр дәрігерге 800 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін көтермеақы беріледі.
Вячеслав Дудник, Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Биыл 105 дәрігерді ауылдарға жібереміз. Оларға қажетті көтермеақы 130 миллион теңгеге шығып отыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК