Елімізде иммундау апталығы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде иммундау апталығы өтеді

22.04.2019

Халық арасында екпеге деген күмәнді көзқарас әлі де бар. Өкініштісі сол, тұрғындар кезінде қабылдаған шешімінен опық жегенін кеш түсінеді. Яғни, өзі немесе баласы ауырған кезде ғана. «Сол себепті екпенің тиімділігін жұртшылыққа түсіндіруден шаршамаймыз», - дейді мамандар.

Сәуірдің 24-і мен 30-ы аралығында «Вакцинамен бірге қорғалайық!» атты апталық өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылып қана қоймай, адам көп жүретін жерлерге насихат жұмыстары жүреді.

Өткен жылы екпеден бас тартқан адамдар арасында болған әңгіменің арқасында көбісі райынан қайтқан. 5750-дің 3107-сі вакцина салуға келісімін беріпті. Бұдан шипа болмаса, зиян көрмейтініне санитарлар кепіл беріп отыр. Бұған мына ақпараттар дәлел. 1998 жылы қызылшамен 15 мыңнан астам адам ауырған. Қазір ол азайды. Өткен жылы бір ғана жағдай тіркелді. Ал, полиомиелит дерті толықтай жоқ болып кетті.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:

- Гепатит А дертіне шалдыққандар бойынша 1998 жылы 34,5 мың жағдай тіркелген, қазір 40 есе төмендеді. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу