Дәрігер тапшылығы жуық арада шешімін табады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігер тапшылығы жуық арада шешімін табады

12.03.2019

Дәрігер тапшылығы жуық арада шешімін табады. Керек  кадрлар осы жылдың екінші жартысында Атырау облысының елді мекендеріне келіп,  халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысы 1 қаңтардан бастап, 20 пайызға өседі. Атырау облысына барған  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді.

Мақат ауданындағы денсаулық сақтау мекемелерін аралаған министр, саладағы түйіткілді мәселелерге тоқталды. Мәселен, 30 мыңнан астам тұрғыны бар ауданға жалпы тәжірибелік дәрігер мен нарколог-психиатр сондай-ақ лор, хирург сынды мамандар жетіспейді. Олар үшін 7 қызметтік пәтер дайын тұр. Жалпы облысқа 50 дәрігер керек.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

2011 жылы арнайы заң қабылданған. 2012 жылдан бастап грантқа түскен студенттер биыл бітіреді. Сол заң бойынша, міндетті түрде 3 жыл мемлекет жіберген жұмыс орнына барып, міндетті түрде жұмыс жасау керек. Сонымен бірге, біз арнайы комиссия құрдық. Бүкіл облыстардағы ұсыныстарды алып, біз оның бәрін таратамыз. Бірақ әрине жақсы дәрігер келу үшін жергілікті билік басшылық жағдай жасау керек.  

Батырбек Оңдасынов, Мақат аудандық ауруханасының директоры:

4 жалпы практикалық дәрігер, сосын хирург дәрігерді күтіп отырмыз келеді деп. Олар келгенде 2 қызметтік пәтер дайын тұр. Әкімнің дайындап отырған 5 қызметтік қызметтік пәтері бар.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу