Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚО-да 51 мекемемен келісімшарт жасасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚО-да 51 мекемемен келісімшарт жасасты

27.02.2019

Оның 15-і – жекеменшік клиника. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Келісімшарттың жалпы сомасы 33 млрд теңгеге жуық болды. Енді бұл емхана мен клиникалар кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында мемлекеттік тапсырысты орындайды. Жалпы, батысқазақстандықтардың қорға жарна аударуы жалғасып жатыр.

Нұржамал Жұмағұлова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ БҚОФ директоры:

- Республика бойынша 141 млрд теңге төлем жарнасы жиналды. Облыс бойынша 26 мыңнан астам жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 4 млрд теңге ақша аударды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу