Қазақстандықтар медициналық скринингтен өтуге міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар медициналық скринингтен өтуге міндеттеледі

20.02.2019

Бұрын бұл тексеріске адамдар тек нұсқаулық арқылы шақырылатын. Денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жаңа жобасын талқылау аясында осындай ұсыныс жасалды.

Жалпы, алдағы уақытта осы «Халық денсаулығы» туралы кодекстің 70 пайызы жаңартылып, өзгертілмек. Оны қарастыруға министрліктің, үкіметтік емес ұйымдардың, фармацевтикалық компаниялардың өкілдері келді. Медицина саласы туралы жаңа заңда дәрі-дәрмектің қолжетімділігі, дәрігерлердің жалақы нормасы сынды өзекті мәселелер де көрсетілді. Барлығы мыңға жуық ұсыныс жасалған. Кодекске өзгерістер енгізуге ешқандай қосымша қаржы жұмсалмайды.

Талғат Тұрмағанбет, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң қызметі департаментінің директоры:

- Негізгі басымдық азаматтардың денсаулықтарының профилактикасына бағытталатын болады. Оның ішінде бірқатар нормаларды көрсеттік. Олардың міндеттемелері мен құқықтары бірінші кезекте.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу