Ішек ауруларының алдын алу туралы семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішек ауруларының алдын алу туралы семинар өтті

19.02.2019

Кез келгеніміз ішек ауруларының дұрыс тамақтанбаудан болатынын біле тұра, соған бет бұруға құлықты емеспіз. Соның салдарынан ішек дерті көбейіп барады.

Елімізде 7 мыңға жуық науқас осы дертке шалдыққан. Олардың көбі жаралы колит, яғни тоқ ішектің ауруы және крон - ол тілден бастап тік ішекке дейінгі жердің жарасы, қанауы, қысылып қалуы. Егер ауру асқынып кетсе, ракқа апарып соғады. «Асқындырмай бастапқы кезінде келсе, оны емдеп, құлан таза айықтыруға мүмкіндік бар», - дейді дәрігерлер.

Астанадағы №1 қалалық ауруханада өткен «Ішектің қабынба ауруларын емдеудегі пәнаралық менеджмент» атты семинарда Израиль мен ресейлік мамандар қазақстандық әріптестеріне қатерлі ауруды қалай ерте анықтауға болатынын түсіндірді. Кеселдің клиникалық ерекшеліктерін анықтау, диагностикасы мен емдеу алгоритмін қалай әзірлеу керек деген секілді сұрақтарға жауап берді.

Александр Нерсесов, медицина ғылымдарының докторы, гастроэнтеролог:

- Егер ішектің қабынуы туралы айтатын болсақ, бұл - өте ауыр ауру. Көбінесе 30 жасқа дейінгі еңбекке жарамды жас буынның иммунитетін зақымдайтын, аутоиммундық дерт. Егер науқастарға уақытында диагноз қойылмай, уақытында емделмесе, олардың көпшілігі мүгедектікке ұшырауы мүмкін.

 Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу