Өскемендегі медициналық орталықта заманауи медициналық жабдықпен жұмыс істейтін маман жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі медициналық орталықта заманауи медициналық жабдықпен жұмыс істейтін маман жоқ

08.02.2019

Заманауи қондырғы бар, бірақ оның тілін білетін маман жоқ. Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір ауруханаларда жаңа құрал-жабдықтар кәдеге аспай тұр. Мысалы, Өскемендегі медициналық кешенде 394 миллион теңгеге алынған ангиографиялық аппарат 3 жылдан бері толық пайдаланылмай тұр. Жалпы, өңірдегі емханалардың техникалық базасын жаңарту мақсатында 2016 жылдан бері 19 миллиард теңгеге жоғарғы технологиялық жабдықтар алынған. Мамандарды оқыту үшін соңғы 2 жылда 2 миллиард 200 миллион теңге бөлінген. 153 дәрігер шет елдерде білімін жетілдірді. Облыс әкімі қатардағы мамандармен бірге, басшылық қызметтегі дәрігерлерді де оқыту қажеттілігін айтты. 

Татьяна Чернышова, облыстық Денсаулық сақтау саласы бойынша қоғамдық кеңес төрағасы:

- 2 бас дәрігер ғана білімін жетілдіріп келді деген өте төмен көрсеткіш. Заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алғанда, бас дәрігерлер де, қарапайым мамандар онымен қалай жұмыс істейтінін оқып үйрену керек. Яғни, білімді жетілдіру жұмысы да жүйелі болуы тиіс.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу