СҚО-да жыл басынан бері 36 адам қызылшаға шалдыққан. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының айтуынша, олардың 24-і кәмелет жасына толмағандар.
Бұған дейін облыста вакцинаның тапшылығына байланысты екпе жұмыстары жүргізілмеген. Тек дерт өрши бастаған соң ғана 1500 дозасы сатып алынды.
Күлпаш Таласбаева, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы:
- Ауруға шалдыққандардың көбі - екпені алудан бас тартқандар мен жасы жетпеуіне байланысты қойдырып үлгермегендер. Қазір тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр облыс бойынша тек 1 адам ғана қызылшамен ауырған.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.