Атырауда екі бала ауруханада көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда екі бала ауруханада көз жұмды

04.02.2019

Атырауда бір күнде екі бала жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды. Қос бүлдіршін алты күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлер бар көмекті көрсеткенімен, асқынған дерт ырық бермепті. Қайғылы оқиғадан кейін ақхалаттылар бірден сараптама жүргізіп, балалардың ағзаға толық жайылған инфекциядан көз жұмғанын анықтады.

Айта кетейік, аталған аурухана жылына 9 мыңға жуық науқасқа ем-дом жүргізеді. Өткен жылы түрлі дерттен 10 адам қайтыс болған.  

Надя Ерғалиева, №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары:

- Біреуі туа біткен құрсақішілік инфекциямен науқастанып жүрген бала. Бірнеше қайтара емделген. Бірақ, толық иммунодефициттік жағдайда организмге жайылып кеткен инфекция салдарынан шетінеді. Екіншісінікі іріңді менингоэнцефалит. Бұл организмде жүрген микроптың әсерінен.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу