2020 жылы әлемде обыр ауруына шалдыққандар саны 15 миллионға жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы әлемде обыр ауруына шалдыққандар саны 15 миллионға жетеді

25.01.2019

2020 жылы әлемде обыр ауруына шалдыққандар саны 15 миллионға, ал, одан көз жұмғандар 10 миллионға жетеді. Ақ халаттылардың жағымсыз болжамы осындай. Қазақстанда онкологиялық дерттер адамдар арасындағы өлім себептерінің ішінде екінші орында. Әсіресе, әйелдер арасында ісік аурулары белең алып барады. Былтыр тек Астана бойынша жатыр мойны обыры диагнозымен есепке 500-дей әйел тұрған. Жыл сайын жаман ауруға шалдыққандардың саны көбейгендіктен, елорданың онкологиялық орталығы бұл індетпен күреске баса мән беріп отыр. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында «Жатыр мойны обырын алдын алуға және скрининг, адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияға» арналған конференция өтті. Ал, ертең орталық ашық есік күнін өткізіп, келушілерге жатыр мойны обырының алдын алу жолдарын айтып береді.

Ләззат Қозғамбаева, ОНкологиялық орталықтың онкогинеколог дәрігері:

- Обырдың алдынан жүретін аурудан рак болуы үшін 5 жыл уақыт бар. 5 жыл әйелге де беріледі, 5 жыл дәрігерге де беріледі. Бұл 5 жыл уақыт ішінде әйел поликлиникаға келіп, уақытында тексеруден өтсе, әйелдің жатырының қалдырылуына, келешекте бала табуына мүмкіндік жасалады.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу