Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген ғимараттың жалпы аумағы 2000 шаршы метр, салынған инвестиция 550 миллион теңгеден артық. Орталықта тәулік бойы консультативтік-диагностикалық және диспансерік көмек көрсетіледі. Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі тегін көмекпен қоса, коммерциялық қызмет түрлері де бар.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
- Ең қажет деген операцияларды жасау үшін бұрын басқа мемлекеттерге, басқа қалаларға баратын. Енді ешқайда барудың керегі жоқ, осы орталықта жасайды. Операциялардың көбі мемлекеттік тапсырыс аясында тегін жасалатын болады. Биыл біз медициналық жабдықтарды сатып алуға бөлінетін қаражатты үш есеге ұлғайттық.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.