Өзіне қажет дәрі-дәрмекті енді пациенттің өзі таңдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзіне қажет дәрі-дәрмекті енді пациенттің өзі таңдайды

19.12.2018

Бүгін Сенат депутаттарының алдында тиісті заң жобаның кейбір тарамақтарын түсіндірген Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева осылай деді. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда науқастарға дәрі-дәрмекті таңдауға мүмкіндік берілмек. Яғни, пациент ем-домға берілген препарат ұнамаса, оны алмастыруға құқылы. Тек дәрі-дәрмектің шекті бағасы мен нақты құны арасындағы айырманы төлесе болғаны. Бұған дейін ол шектеулі еді: препараттарды ауыстыра алмайтын және өзгесін алу үшін толық құнын төлейтін. «Осылайша, дәрімен қамтамасыз етудің қолжетімділігін жақсартуды көздеп отырмыз», - деді вице-министр.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі жедел медициналық көмек пен санитарлық авиацияны, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті, жедел стационарлық көмекті қамтиды. Бұдан бөлек, негізгі созылмалы аурулар барысында да медициналық көмек тегін көрсетіледі.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу